Журналистикадан Ақордаға дейін: Қанат Құлшыманов Президенттің өкімімен жаңа қызметке тағайындалды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
76

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы 20 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Қанат Құлшыманов бұған дейін Президент әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімін басқарған. Ол аталған қызметке 2025 жылғы 11 наурызда тағайындалған болатын.

Қанат Құлшыманов кім?

Қанат Құлшыманов 1987 жылғы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген.

2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдап, 2010 жылы магистр дәрежесін алған. Философия докторы (PhD).

Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясында саяси және құқықтық ақпарат секторының тілшісі болып бастаған.

Кейін «Қазконтент» АҚ-да журналист болып жұмыс істеп, мемлекеттік қызметке ауысқан. Әр жылдары Ұлттық экономика министрлігінде, Ақтөбе облысы әкімдігінде және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде баспасөз қызметі мен қоғаммен байланыс саласында түрлі лауазымдар атқарған.

2020–2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2021–2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі болған.

2022–2024 жылдары Қазақстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған.

2024 жылы Президент әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалып, 2025 жылғы наурыздан бастап осы бөлімді басқарған.

Қанат Құлшыманов «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарған Асқар Омаров Мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында балабақша қызметкерлері мінген көлік ауыр жол апатына ұшырап, үш әйелд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 43 мыңға жуық азаматтың микрокредит рәсімдеу кезінде алданып қалуы мүмкін екені анықталд...