Жолдау: Тоқаев медицина мамандарының жалақысын 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
157

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту және медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін дамыту үшін жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, осы саланы қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру маңызды екенін айтты.

«Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз.

Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды». 

Мемлекет басшысы учаскелік қызмет мамандарының жалақысын көтеру туралы да тапсырма берді. Жалақы мөлшері қызметкердің үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін артуы мүмкін. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам маманның табысына әсер етеді.

«Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді». 

Осыған дейін Президент ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру қажеттігін айтқанын жазған болатынбыз. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды. 

Айта кетейік, президент келтірген мәліметке сәйкес, ең төменгі жалақының өсуі 1,8 миллион адамның табысын арттыруға ықпал етеді. Олардың қатарында бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар. Бұл өзгерісті де келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асыру көзделген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, артық жүктемені азайту және оларды...

ӘДЕБИЕТ

Астана халықаралық университетінде «Құрмет» орденінің иегері, Төлеген Айбергенов атындағ...