Жетісу облысының тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін сот алдында жауап берді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
587

Осы жылдың қаңтар айында полиция қызметкерлері Балқаш көлінің бекітілмеген су айдынында заңсыз балық аулаған ер адамды ұстады. Іс материалдары сотта қаралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тексеру барысында құқық бұзушының рұқсат құжаттарынсыз тыйым салынған ау құралы — моноталшықтан жасалған тор пайдаланғаны анықталды. Оның көмегімен ол 17 келі табан балығын заңсыз аулаған. Өз әрекетімен ер адам балық аулау қағидаларын өрескел бұзған, атап айтқанда, тыйым салынған жерлерде және тыйым салынған құралдарды қолдана отырып балық аулаған. Сонымен қатар балық аулау белгіленген мерзімнен тыс уақытта жүзеге асырылған.

Құқыққа қайшы әрекет салдарынан мемлекетке 30 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сот іс материалдарын қарап, оған заң аясында жаза тағайындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...