Тоқтар Әубәкіров әріптесі Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1325

Ғарышкер, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қоштасу сөзінде Талғат Мұсабаевтың ғарыш саласына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

“Қай жерде жүрсек те, қай ғарыш айлағынан ұшсақ та, қайда кетсек те, біз әрқашан өз кәсібімізге, ғарышқа адал болдық. Өйткені ғарыш бізді біріктірді. Талғат Амангелдіұлы, сен Қазақстан үшін көп іс тындырдың. Сен нағыз патриот едің. Мұны мен де, бүкіл халық та көріп, куә болды. Сен бәрін таза жүрекпен, адал ниетпен жасадың. Ең маңыздысы - сенде әрдайым өзгелерде кездеспейтін идеялар болды. Сол идеяларды іске асыра алдың. Саған соңғы рет қош айтып, отбасыңа, халқыңа мына нәрсені жеткізгім келеді: Қазақстан сені ешқашан ұмытпайды. Сенің атың ел тарихында мәңгілікке жазылды. Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты дос!” деді Тоқтар Әубәкіров.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...