18 жастағы астаналық есірткіні шәрбат құтысына жасырып жүрген (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
583

Астана қаласында полицейлер есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында тыйым салынған заттардың тұтас қоймасы табылды. Асүйдегі шкафтардан электронды таразылар мен есірткіні қаптауға арналған құралдар анықталған.

Сондай-ақ балмұздақ шәрбатының бос құтысынан өзіне тән иісі бар сары түсті сұйық зат табылды. Ол каннабис шайыры болып шыққан. Бұдан бөлек, сары түсті сұйық зат құйылған екі ыдыс тәркіленді, олардың ішінде гашиш майы болған.

Сонымен қатар түрлі түсті изолентамен оралған түйіншектері бар пластик ыдыс табылды. Оның ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болған. Жалпы саны шамамен 500 орама гашиш тәркіленген.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір килограмнан асқан. Барлық тыйым салынған заттар алынды.

Аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...