Жұмысына көңілі толмаған: Алматыда мұғалімнен 20 млн теңге бопсалаған ер адамның кім екені белгілі болды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1567

Алматыдағы жекеменшік орталықтардың бірінде білім алатын оқушының әкесі сол жерде жұмыс істейтін әйелді қорқытып, ақша талап етіп бопсалаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, баланың әкесі мұғалім туралы жалған ақпарат таратып, оның артына кір келтірмек болған.

«Орталықтағы бір баланың әкесі мұғалімнің жұмысына көңілі толмаған соң жалған ақпарат таратамын деп одан 20 млн теңге талап еткен. Әйел адам бірден полицияға келген. Алматы полициясының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы арызды қабылдап, бопсалаушыны қолға түсірген», - деп хабарлайды дереккөз.

Қазір полиция егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ағадыр кентінде сәби екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға 26 сәірде болған, деп хабарлайды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды MadeniPor...