Fortune журналы алдағы 10 жылда 50 миллионға жуық адам жұмысынан айырылып, болашақта қай мамандықтар...
Атырау облысында жоғалып кеткен бір отбасы әлі табылмады
Фото: freepik
1187
Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының төрт тұрғыны қазан айынан бері хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен отбасының үлкен ұлы жоғалып, кейін қалған отбасы мүшелері де із-түзсіз кеткен.
Туыстарының айтуынша, олар дәрігерге қаралу үшін жолға шыққанын хабарлағанымен, қай елді мекенге барғаны және қандай медициналық мекемеге жүгінгені туралы нақты ақпарат жоқ.
Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда екі айдан астам уақыт өтсе де, іздеу нәтижелері жөнінде ресми мәлімет жарияланған жоқ.