«Жүрегіне шағымданып жүр»: Қайрат Нұртастың әйелі баласына қатысты алаңдатарлық жазба жариялады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
200

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұлы Нарұлдың денсаулығына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Өнер иесі соңғы уақытта баласының жүрек соғысына байланысты шағымданып жүргенін айтып, уайымын жасырмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актриса бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Оның айтуынша, ұлы кейде жүрегінің қатты соғатынын, ал кейде керісінше баяу соғып тұрғандай сезінетінін айтқан.

«Соңғы уақытта Нарұл жүрегіне шағымданып жүр. Кейде тез соғып тұрғандай, кейде керісінше сезінемін дейді. Уайымдап біттім», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Баласының жағдайына алаңдаған актриса ана ретінде қатты уайымдап жүргенін жеткізді.

Әзірге Нарұлдың денсаулығына қатысты нақты диагноз немесе медициналық тексеру нәтижелері туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Шоу-бизнес

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман экс-күйеуінің балаларына пәтер алып беру турал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы құрметті белбеуімен мар...