Астанада жаңа туған баланы заңсыз беру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды,деп хабарлайдыMadeniPort...
Қазақстанда психологтардың жалақасы 300 пайызға өседі
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
1 қаңтардан бастап психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Жоба ашық НҚА-ға жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
"Ашық НҚА" порталында медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері мен психологтардың жалақысын көтеруді көздейтін Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Жоба бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарының мамандарына қосымша ақы белгілеу ұсынылады.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында үздіксіз еңбек өтіліне қарай мына мамандарға лауазымдық жалақысына қосымша ақы төлеу көзделген:
-
учаскелік терапевт;
-
учаскелік педиатр;
-
жалпы практика дәрігері;
-
учаскелік медбике;
-
жалпы практика медбикесі;
-
фельдшер;
-
акушер;
-
патронаждық медбике;
-
мектеп медбикесі.
Қосымша ақы мөлшері еңбек өтіліне қарай белгіленеді:
-
екі жылдан астам еңбек өтілі үшін – лауазымдық жалақының 20%-ы;
-
үш жылдан астам еңбек өтілі үшін – 30%-ы;
-
бес жылдан астам еңбек өтілі үшін – 50%-ы.
Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында халыққа көмек көрсетуге тікелей қатысы бар медициналық емес қызметкерлерге психоэмоциялық және физикалық жүктемесі үшін қосымша ақы төлеу ұсынылады.
Оның мөлшері:
-
психологтарға – базалық лауазымдық жалақының 300%-ы;
-
әлеуметтік қызметкерлерге – базалық лауазымдық жалақының 200%-ы.
“Ашық НҚА” мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының учаскелік қызметіндегі медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.
Ұсынылып отырған шаралар нысаналы сипатқа ие және ең алдымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін мамандарды жұмыс орнында тұрақтандыруға бағытталған. Оларды іске асыру кадрлардың тұрақтамауын азайтуға, маман тапшылығын төмендетуге, пациенттерді бақылау сабақтастығын қамтамасыз етуге және жұмыс істеп жүрген мамандардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді", – деп жазылған жобаға берілген түсіндірмеде.