Алматыда 12 жастағы жасөспірімді қатарластары пышақтап өлтірді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
541

Қайғылы жағдай 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желіде тараған ақпарат бойынша балаға 13 жастағы екі жасөспірім тоғыз жерден пышақ жарақатын салған.

Полиция мәліметінше, қылмысты жасады деген күдікпен 13 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Ол марқұммен бұрыннан таныс болған.

Алдын ала анықталғандай, қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал салдарынан болған.

Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...