Жүрек, бүйрек, көз: Алматыда бір донор бес адамға өмір сыйлады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1969

Алматыда бір донордың жүрегі, бүйрегі мен көз қабығы бес адамға өмір сыйлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Донор геморрагиялық инсультпен ауруханаға түскен. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан ол көз жұмды. Оның ағзалардың донорлығына ресми келісімі болды. Сондай-ақ жақын туыстары жазбаша түрде тиісті рұқсат берді.