Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
314

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 наурыз күні елдің бірқатар бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман болады. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік және шығыс аймақтарында тұман болады. Көкшетауда түнгі және таңғы уақытта тұман сақталады.

Қостанай облысының солтүстік және батыс бөлігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі жоғары. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысының оңтүстік, батыс және орталық аудандарында жаңбыр мен найзағай, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс және орталық бөліктерінде тұман болады. Ақтауда түнгі және таңертеңгі уақытта тұман сақталады.

Қарағанды облысының солтүстік және шығыс аймақтарында тұман болады.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік бөлігінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі соғып, облыстың солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарында екпіні 15-18 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік және батыс бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында тұман болады. Орал қаласында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.

Түркістан облысының батысында және Түркістан қаласында өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әлеуметтік желілерде исламға, Құранға, Қағбаға, Мұхамм...

PESTEL

Түркия билігі Шанлыурфа және Кахраманмараш провинцияларындағы білім беру мекемелеріне жасалған қарул...