Сорбоннада білім алған алғашқы қазақ Санжар Аспандияров қайтыс болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1020

Халықаралық деңгейдегі белгілі математик әрі қаржыгер Санжар Аспандияровтың өмірден өткені белгілі болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Ғалымды жақыннан таныған қазақстандықтардың айтуынша, Санжар Серікұлының таланты өз елінде лайықты бағаланбағанымен, шетелде жоғары сұранысқа ие болған.

"Ықтималдық теориясы саласындағы көптеген ғылыми еңбектің авторы, бес шет тілін меңгерген, Жапониядан АҚШ-қа дейінгі түрлі ғылыми гранттардың иегері болды. Өкінішке қарай, Санжар Серікұлының таланты туған елінде сұраныс таппады, ал Еуропада оны ерекше бағалады. Соңғы жылдары Лондонда тұрды, алайда өз өсиеті бойынша Алматыда жерленді", – деп жазды алматылық блогер әрі белсенді Ерлан Қуаныш.

Оның айтуынша, жақын арада еуропалық математиктермен бірлесіп жазылған ғылыми еңбек жарық көреді. Ондағы зерттеулердің үштен екісі Санжар Аспандияровқа тиесілі.

Қаржыгер, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Ораз Жандосовтың жазуынша, Санжар Аспандияров 1968 жылғы 10 ақпанда ғылымға жақын отбасында дүниеге келген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...