Жүргізуші куәлігі де болмаған: Шымкентте біреудің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
749

Шымкент полицейлері қала көшелерінде жарыс ұйымдастырып, жол қозғалысына қауіп төндірген ұрыны дер кезінде тоқтатты. Көлікті рұқсатсыз айдап кеткен ер адамның жүргізуші куәлігі де болмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Шымкент тұрғынының полицияға көлігінің жоғалғаны туралы арыздануынан басталған. Тәртіп сақшылары дереу «Ұстау» арнайы жоспарын іске қосып, барлық патрульдік экипажды жұмылдырды.

Көп ұзамай күдікті мінген автокөлік қала көшелерінің бірінде көзге түсіп, қоршауға алынды. Полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбаған жүргізушіні құрықтау кезінде тізгінде көлік иесінің туысы отырғаны белгілі болды. Ол орта дәрежелі мас болған және жүргізуші куәлігі болмаған.

Ұсталған азаматтың әрекеті тек мүлікке емес, айналадағы адамдардың өміріне де үлкен қауіп төндірген. Ол өз ісіне өкінудің орнына, полицияға қарсылық көрсетуге тырысқан.

Қазіргі уақытта автокөлік мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді. Көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті сот шешімімен қамауға алынды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Куәгер Константин Костенко 2026 жылғы 3 қыркүйекте Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қаты...

PESTEL

Үндістанда алты қыз тәрбиелеп отырған әйел ұлды болғысы келіп, ауруханадан үш жасар баланы ұрлап кет...