Марқұм заңгер Ғабит Өмірбектің әкесі ұлының елге жасаған жақсылығын еске алып, көпшілікті жақындарын...
Жетісуда 40-қа жуық жылқы жол үстінде өртеніп кете жаздады
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
11
Жетісуда жүк көлігіне тиелген 40-қа жуық жылқы жол үстінде өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 175-шақырымында болды.
Қозғалыс кезінде тұтанған көлікті патрульдік полиция байқап, көмекке ұмтылған.
Тәртіп сақшылары жедел түрде 38 бас малды көліктен шығарып, өрт сөндіру шараларын жүргізген.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр.