Талғардағы қанды қылмысқа байланысты шұғыл дерек шықты

Фото: коллаж Sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1365

Талғарда оққа ұшқан Ернардың анасы мен әйелі қанды оқиғаның қалай болғанын журналист Руслан Өтепбайға баяндап берді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Марқұмның әйелі Балзияның айтуынша, үйге үш жігіт келген.

«Біреуінің қолында пышақ, екіншісінде автомат болды. Мамама автомат кезеп, "қызыңыз қайда?" деп сұрады. Егер біреуге хабар берсеңдер, өлтіремін деп қорқытты. Мені пышақпен қорқытып, ешкімге айтпауды талап етті. Күйеуім дүкеннен шығып, жолда оларды көріп қалған. Содан оны атып тастап, бізге келіпті», – дейді ол.

Қайғыдан қан жұтқан анасы да болған жайтты растады:

«Екеуі пышақ ұстап тұрды. Оларды танымаймын. Қызыңды тауып бер деп, маған автоматты кезеді», – дейді ол.

Балзияның сөзінше, күйеуінің оққа ұшқанын қаскөйлердің өздері айтқан.

«Алғашында сенбедік. Кейін көрші тәте келіп, Ернар ана жақта қансырап жатыр деді. Жүгіріп барсам, жаны шығып кетіпті. Екі оқ жарақатын көрдім», – дейді марқұмның жұбайы.

Қазір бұл істі полиция тергеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...