«Қалған ғұмырымның қасиетті міндеті»: Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентерлік жазба қалдырды

Алаш коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
154

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің Кеңсай зиратындағы құлпытасы орнатылып, ас берілді. Бұл туралы марқұмның жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Бағдат Әшімова аңыз актердің ғибратты ғұмыры мен елге сіңірген еңбегі кейінгі ұрпаққа мәңгілік аманат болып қалатынын атап өтті.

«Асекен бір ғана әулеттің емес, елдің азаматы еді. Оның артында қалған еңбегі мен өнегесі, есімі мен рухы кейінгі ұрпаққа жетуі керек», – деді ол.

Сондай-ақ ол құлпытастың ашылуына келіп, өнер иесінің рухына дұға бағыштаған туған-туыс, достары мен әріптестеріне алғыс білдірді.

Асанәлі Әшімов 2025 жылғы 21 желтоқсанда 88 жасында өмірден өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысының Құлсары қаласында жаңа оқу жылының басында 1200 орындық №26 мектеп ашылды. Мектепті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде мәйітті компьютерлік томография арқылы зерттеу...