Түркістан облысында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған 19 жастағы Бақытжан Әмит ауыр диагно...
БҚО-дағы Шідерті өзені арнасын асты: бір көпірді су шайып кетті
Фото: Видеодан кадр
2165
БҚО Сырым ауданында қардың еруі салдарынан Шідерті өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді бұзды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.
Көпір негізгі өткелді жөндеу кезінде салынған. Ақсай-Жымпиты автожолының 27-ші шақырымында, Аралтөбе ауылының жанында орналасқан.
ТЖМ атқарушы органдар мен полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырғанын мәлімдеді. Әскери бөлімнің қызметкерлері көпірді берік ұстау үшін инертті материалдары бар қаптар толтырып жатыр екен.
Елді мекендерге қауіп жоқ екені айтылды.