“Жылап оянғаны үшін”: Шымкентте әйел әпкесінің қызын өлтірді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1063

Қайғылы жағдай Шымкентте 2024 жылы болған. 30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 2018 жылғы қыз баланың аяқ-қолын байлап тастаған, деп хабарлайды madeniportal.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Осыдан кейін жерге құлаған қызды одан әрі ұрып-соғып қорлаған. Қатты соққыдан балақай есінен танып, ал әйелдің айуандық әрекеті бұдан әрі жалғаса түскен. Туған әпкесінің перзенті су толы ваннаға жатқызып, тұншықтырып өлтіріпті.

Қылмыскер қасақана жасаған әрекетін сот барысында сол күйі мойындамай, тіпті жеңіл жаза беруді сұраған.

«Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады», – дейді Шымкент қалысының соты.

Алайда, сот өз сіңлісіне жауыздық көрсеткен сотталушыға жеңілдік берген жоқ. 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Әйел енді 50 жасқа дейін жазасын қатаңдығы орташа мекемеде өтейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Перу соты бұрынғы президент Оллант Умалды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады MADENIPOR...

Өнер

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің басым бөл...