Алматыда талып жатқан қыздың телефонын ұрлаған ұрылар анықталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
163

Алматыда есінен танып, көшеде құлап қалған қызды адамдар құтқаруға ұмтылғанда, ұрылар қыздың телефонын қолды еткені анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Алматы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласының полиция департаменті ұялы телефон ұрлаған екі адамды ұстады. бұл екі оқиға да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралған. Алматының көшесінде бойжеткен есінен танып құлап қалған кезде, күдіктілер оның ұялы телефонын қолды еткен. Ал, екінші оқиға дәмхана маңындағы төбелеске қатысты. Адамдар топ болып төбелесіп жатқанда күдіктілер біреудің ұялы телефонын қалтасына басқан», - деп хабарлайды Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Криминалды полиция кешенді шаралардың арқасында екі күдіктіні қолға түсіріп, олардың басқа да ұрлықтарға қатысы бар ма, жоқ па деген мәселені тексеріп жатыр.

«Екі оқиғаға да қарасақ, жан-жақты адамдар өзге біреуге көмектесуге тырысып жатқанда күдіктілер арам пиғылдарын іске асырған. Бұл әрекет әрине адамгершілікке жатпайды. Қазір күдіктілер қамауда», - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасын басқарып отырған Асхат Дәулетияров. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысының Аманқарағай ауылында өз отбасын аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты...