Мadeniportal.kz енбі-жексенбі күндері тамашалауға болатын таңдаулы фильмдер тізімін ұсынады. Жан дү...
«Өгей бала туғанындай болмайды»: Жахан Отарғалиевтің әйелі күйеуі туралы шындықты жайып салды
Фото: ашық дереккөз
Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жазбада ол екі баламен өмір сүріп жүрген ана ретінде өз таңдауына тоқталып, актердің әкелік әрі отбасылық жауапкершілігін ерекше атап өткен.
Оның айтуынша, Жахан Отарғалиев қамқорлықты сөзбен емес, нақты ісімен дәлелдеген.
«Ол мені ғана емес, бізді – балаларыммен қоса таңдады. Балаларымның тілін тауып, оларды өз баласындай қабылдады. Балалар да оны жақсы көріп қалды. Ол балаларды мектептен кейін өзі алып кетеді. Осындай сәттерді көргенде, өзімнің дұрыс таңдау жасағанымды түсінемін», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әйел адам қоғамдағы «өгей бала» туралы қалыптасқан пікірлермен келіспейтінін айтып, кей жағдайда айналадағы сөздерге емес, жүрек қалауын тыңдау керектігін жеткізген.
Оның сөзінше, бүгінде аналық жүрегі орнына түсіп, өзін сенімді әрі тыныш сезінеді.