Алматылық жүргізуші кішкентай қызға жыныс мүшесін көрсеткен (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
900

Алматы қаласы, Алатау ауданында болған оқиға жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Democrat.kz жазды.

"Анам екеуміз автобусқа үлгермей, жолдан такси тоқтатпақ болдық. Анам көлеңкеде, аялдамада отырған. 

Ойымда ештеңе жоқ, жол жиегінде такси тоқтатпақ болып тұрдым. Кенет бір көлік келіп, жаныма тоқтады. Адресті айтайын деп еңкейгенімде....

Рөлде отырған еркектің төмен жағы тырдай жалаңаш екеніне көзім түсті. Ол аздай, мүшесін ұстап, маған көрсетті. Есімнен адаса жаздап, сасқалақтап, телефоныма жармастым. 

Алайда ол сәтте оны түсіріп үлгермедім. Сергектің камерасында меніңкөлік тоқтатқаным, сосын артқа шегінгенім бәрі тұр. 

Әрине, көліктің ішіндегі масқараны түсіріп үлгермедім. Полицияға хабарластым. Полиция ол адамды тапты. Бірақ "мен жолай болса,әкетпек болдым" деп әлгі жүргізуші мені ақымақтың орнына қойды. 

Алатау аудандық полиция бөліміне арыз жазғанымда, ол жердегілер "бұл кісі әскери адам екен. 44 жаста, келесі жылы зейнетке шығады, өзара келісіп, өтемақы төлетіп, арызыңызды ала салсаңызшы"деді. 

Алайда әлгі жүргізуші өз кінәсін мойындамай, тағы да менің өзімді ақымақ етпек болды. Ызаланып видеосын әлеуметтік желіге жариялап едім,"саған қарсы шағым түсірем,жала жаптың" деп өзіме пәле салуда" деген қыз жұрттан көмек сұрады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...