Қызылорда облысында мұғалім әйелін аяусыз балтамен соққыға жықты

Фото: Envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
2363

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелін аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Аудандық білім бөлімі күдіктінің мұғалім екенін растады. Оның педагогикалық өтілі — 21 жыл.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мектеп мұғалімі ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайды. Іс департамент басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

42 жастағы келіншек Шиелі аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір реанимацияда жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...