Ана туралы ән орындап тұрып көзіне жас алған бүлдіршін елдің жүрегін елжіретті

Фото: видеодан скриншот

Өнер
1612

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертте ерекше сәт болды. Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен бұл шарада әнші Садраддин К. Байсейітова атындағы мектеп хорымен «Ана» әнін орындады, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Концерт барысында журналист Әділ Балтабаев хор солистерінің бірі – Дінмұхаммед есімді баланың көзіне жас алғанын байқаған. Кейінірек хор жетекшісімен сөйлескен ол жас орындаушының сахнада анасын есіне алып, эмоциясын ұстай алмағанын білді. Дінмұхаммедтің жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Бұл әсерлі сәт әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көрермендердің жылы пікірлеріне ие болып жатыр. Көпшілік жас таланттың шынайы эмоциясын жоғары бағалап, оған қолдау білдірді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Щучье қаласында ер адам бұрынғы қызын өлімші етіп сабап, мерт қылды, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

33 жыл бұрын (1993-2018) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис ТЕН дүниеге кел...