М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстанн...
Әнші Еркеш Шәкеев 5 балалы отбасыға пәтер сыйлады
Белгілі сазгер, әнші Еркеш Шәкеев өзінің қайырымдылық концертінен түскен қаржыға 5 балалы отбасыға пәтер сыйлады
Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан хабарланғандай, Айнұр Махымова 5 қыз тәрбиелеп отыр.
10 жыл бойы уақытша баспананы паналап келген. Күйеуі жұмыссыз. Айнұрдың өзі қоғамдық жұмыстармен айналысады. Қыздардың үлкені мектепте оқыса, кішісі балабақшаға барады. Бұл отбасы концертте сыйлық алатынын білмеген.
«Бізге хабарласып, Еркеш Шәкеевтің концертіне шақырып жатқанын айтты. Дәл мұндай тосынсыйды күтпедік», - деді Айнұр.
Музыкант бұл мұқтаж отбасы туралы әлеуметтік желіден білген. Көпбалалы отбасынан шыққан әнші қайырымдылық бастаманы өзі көтернген.
Ол Айнабұлақ шағын ауданынан 82 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтер сатып алып, кейін оны аталған отбасыға сыйға тартты. Айта кетейік, Шәкеевтің концертіне Алматы симфониялық оркестрі, пианист Oliver Poole, Mezzo тобы, Марат Бисенғалиев, A'Studio, Карина Абдуллина, Толқын Забирова, Евровидение қатысушысы Bianca Nicholas қатысты.