Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова 95 жылдық мерейтойына орай туған жері Семейде кон...
Қытайда қазақ мәдениеті қалай дәріптеліп жатыр
Madeniet Portaly
Әлемнің сан түрлі елдерінде қазақтың өнерін паш еткен Қаршыға Ахмедияровтың бірнеше күйі Қытайда сақтаулы. Ол тек күйші емес, концертмейстр және дирижер болатын.
Қытайдағы қазақ мәдениетінің құнды қазынасы жайында толығырақ Ақжігіт Абзалбекұлының төмендегі бейнематериалында көріңіз.
Дереккөз: «Таңшолпан» бағдарламасы
Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедьяровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қаршыға Ахмедьяров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия т.б. көптеген елдерде болды.
Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға Ахмедияров туған жері Атырауда қайтыс болды. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар оның күйлерін әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алған.
Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты. Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» ордені мен марапатталды.