Тұңғыш Президент күніне орай Елордада концерт өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3787

«Азаттық – ұлттың ары, Елбасы – елдiң бағы» атты ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға арналған мерекелік концертті Астанадағы «Жастар» сарайында қалың жұртшылық ризашылықпен тамашалады.

Атаулы мерекеге байланысты еліміздің барлық өңірлерінде ғылыми конференциялар, мәдени және спорттық шаралар өткізілуде. 

Ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актерлері Керей мен Жәнібек хандар  кезеңіндерін және Алаш Ордаға дейінгі мемлекеттің құрылу тұсы мен Тәуелсіз Қазақстанның дербестікке қол жеткізген тарихы туралы көріністерді көрермен қауымға ұсынды. 

Концертте «Шалқыма» би ансамблі көрермендерді ұлттық «Шашу» биімен бір серпілтіп, көзайымға айналды. Сондай-ақ ақындар мен композиторлар Ұлт көшбасшысының сара жолы мен толайым жетістіктеріне арнап жазған шығармаларын сахнадан паш етті.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...