Димаш Құдайбергеннің әніне билеген болгариялық спортшы Олимпиада жүлдегері атанды

Сурет: jurtmedia.kz

Өнер
2331

Болгария елінің намысын қорғаған спортшы гимнастикалық ұршықтармен өнер көрсеткен, деп жазды madeniportal.kz.

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан болгар спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «SOS d’un terrien en distresse» композициясын қолдана отырып өнер көрсетті.

Болгарияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Боряна Калейн Франциядағы Олимпиада ойындарындағы бағдарламасын инновациялық музыкалық сүйемелдеумен орындады.

Айта кетейік, аталған қатысушы көркем гимнастикадан Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...