Зарина Кармен: “Біреудің жамандығын көрсең, ол сенің ішіңде бар жамандық”

Фото: видеодан скриншот

Өнер
1155

Танымал актриса Зарина Кармен адамдардың пиғылы өзіне тікелей байланысты екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Зарина Кармен бұрын өзінің де “анау жаман, мынау жаман” дей берген кездері болғанын айтып, қазір ойы қалай өзгергенін түсіндірді. Актрисаның түсінігінде жаман нәрсе жоқ. Жамандықты көру ол ішіңдегі бар жамандық дегенді білдіретінін меңзеді. 

“Мүмкін емес, анау жаман, мынау жаман. Ол сен өзің жамансың. Егер сен біреудің жамандығын көрсең, ол сенің ішіңде бар жамандық. Өйткені айналам - ол менің айнам. Мен әлемді өзімдей көрем. Менің ішімде не бар, мен әлемді де солай көрем”. 

Талантты актриса өз ойын толықтырып, адамның ішінде не бар болса соны көретінін де айтып өтті. 

“Егер менің ішім жақсы болатын болса, мейірімге, махаббатқа толы болатын болса, мен бүкіл адамды жақсы көріп тұрамын. Ал, егер ашу-ыза, жетпеген жетістіктер, шықпаған нәрселер бар болатын болса, әрине мен жетістікке жеткен адамды ешқашан оның өз еңбегімен жеткенін көрмеймін. “Әкесі бар оның, шешесі бар оның, әрине ол бүйтті, ол сүйтті” деп оны қаралаймын. Керек емес нәрсе”, - деп түйіндеген актриса. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...