Динара Сатжанның отбасында шығармашылық премьера: қызы «Астана Балет» сахнасында өнер көрсетті

Фото: astanaballet.com

Өнер
802
Динара Сатжанның қызы «Астана Балет» сахнасында «Щелкунчик» қойылымында дебют жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
 
Дебюттен түсірілген видеоны Динара Сатжан өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

«Мәңгілік армандар орындалады. Диана үлкен сахнаға алғаш шықты. 6 жыл еңбегі, сенімі мен арманының нәтижесі! Қызым! Мақтан тұтамын!», – деп жазды танымал журналист.  

Тележүргізушінің оқырмандары да комментарийлерде құттықтауларын жарыса жазып, «Құттықтаймын! Дианочка, сен қандай дарындысың!», «Қандай керемет! Бұл балаға деген мақтаныш сезімін тудырады. Барлығына осындай бақыт тілеймін», «Біз де құттықтаймыз!» деп жылы лебіздерін білдіруде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...