Ол мені жерлегені дұрыс болар еді: Мұрат Бисенбиннің әкесі көз жасын тыя алмады

Фото: әлеуметтік желіден

Өнер
3635

Алматы жұрты  Орталық мешіттен актер Мұрат Бисенбинді соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актердің әкесі Болат Бисенбин ұлының өте талантты болғанын, ағылшын тілін жақсы меңгергенін және салауатты өмір салтын ұстанғанын айтты.

Мұрат Бисенбин кино мен телесериалдардағы рөлдері арқылы көпшілікке танылды. Артында жары мен үш баласы қалды.

«Соңғы кездері жағдайы нашарлап кетіп еді. 8 қаңтарда «Мұраттан айырылып қалдық» деп естіртті. Өте ауыр. Қазақта ең қиыны балаңның артында қалғаның деп айтады ғой. Балалар бізді жерлеуі керек еді, керісінше емес. Темекі тартпады, ішпеді, спортпен айналысты. Өнерге жақын болып, киноға түсті. Қандай актер екеніне халық баға берді ғой», - деді Болат Бисенбин. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...