Алматыда «Аңыз домбыра» байқауы өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР
6563



2018 жылдың қыркүйек айының 14-ші жұлдызында Алматы қаласы, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Аңыз домбыра» атты домбыра аспабын жасаушы шеберлердің 2-ші Республикалық байқау-бәйгесі өтеді. Байқау-бәйгенің мақсаты – домбыраның қоңыр, көне дыбысын қайтару және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптар жасау шеберлігін жандандыру, насихаттау.

Байқау-бәйгеге қатысушылардың санына және жасына шек қойылмайды. Байқау-бәйгеге 7 жүлделі орын белгіленген: Бас жүлде, 1 – бірінші орын, 2 – екінші орын, 3 – үшінші орын. Байқау-бәйгеге сарапшылық жасайтын қазылар алқасы елімізге белгілі өнер майталмандарынан құралады. Байқау-бәйгеде жүлделі орын алған шеберлердің аспаптары музей қорына қалады. Толық ақпаратты +7 (727) 291-6316, +7 707 600 62 60 нөмірлері арқылы және http://yqlasmusmuseum.kz музей сайты мен Халық музыкалық аспаптар музейі Facebook парақшамыздан көре аласыздар.


madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...