Күйші Жанғалидің кеудесіне медаль тағылды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4868

Бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан құрылған «Кәусәр» мәдени-танымдық бірлестігінде күйші Жанғали Жүзбаймен кездесу өтті деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

Бірлестіктің жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Кенжеғали Мыржықбай алғы сөз сөйледі.

Күйші әуелі күй тарихы мен күйшілер ғұмырнамасынан бастады

Кейін кезек күйге берілді...

Кездесуде тек Жанғали Жүзбайдың өзі ғана емес, шәкірті Нұрғаным Саятқызы да өнер көрсетті

Қорытынды сөзде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің проректоры Дихан Қамзабекұлы қазақ қоғамында күй мен күйшінің орнын айта отырып, Жанғали Жүзбайға алғыс білдірді.

Және университеттің "Лев Гумилев атындағы төсбелгісімен" марапаттады

 

Sal-seri.kz ұжымы күйші, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Әлімханұлы Жүзбайды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...