Ұлытау облысының Ұлытау ауданында 3 адам пештен шыққан түтінге уланып көз жұмды, – деп хабарла...
Астана әуежайынан өрт шықты
485
Астанадағы халықаралық әуежайдан өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астана қаласы халықаралық әуежай №1 терминалдың электр панель бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін, эвакуация жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ ТЖМ жолаушылар мен әуежай қызметкерлері эвакуацияланғанын айтты.
Сағат 08:24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған, - деп нақтылады министрліктен.