Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді, деп хабарлайды madeniportal.kz Төтенше жағдайлар министрліг...
Қазақстандық олигарх Бақыт Ибрагим үйінде өлі күйінде табылды
577
Экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, қазақстандық олигарх Бақыт Ибрагим өз үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл деректі Алматы полиция департаменті растады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Осы факті бойынша өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, Ибрагим бұған дейін 2020 жылы банкир Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол 2023 жылдың қазан айында босап шықты.