Илон Маск 6 жасар ұлын Қытай премьерімен болған кездесуге ертіп барған

Фото: ТАСС

ЖАҢАЛЫҚТАР
677

Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың делегациясы құрамында Қытайға сапармен барды. SpaceX компаниясының негізін қалаушы және Tesla тең құрылтайшысы өзімен бірге ұлын да ертіп барған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz  Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Менің ұлым қытай тілін үйреніп жүр", – деп жазды Маск X желісіндегі парақшасында қытай тілінде. 

Бұған дейін желі қолданушыларының бірі 54 жастағы Илон Масктың маңызды сапарға 6 жастағы ұлын апарғаны туралы жазба жариялаған болатын. Xinhua News Agency агенттігінің тілшісі Ли Цзэсинь "Трамптың немерелері қытайша үйреніп жүргенін, ал Масктың ұлы қытай нақышындағы киім кигенін" жазды. 

"XXI ғасырда қытай мәдениетін қабылдау ең сәнді дүниелердің біріне айналды", – деді қытайлық журналист. 

CBS News телеарнасының хабарлауынша, Маск X A-Xii есімді ұлымен бірге Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде өткен  Си Цзиньпин мен Трамптың кездесуіне қатысқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...