Экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, қазақстандық олигарх Бақыт Ибрагим ө...
Ұлытауда 3 адам иіс тиіп қайтыс болды
461
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында 3 адам пештен шыққан түтінге уланып көз жұмды, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

"27 ақпан күні Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары — ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша уланудың себебі – көмірмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу", – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.