Алматы облысы прокуратурасына келген әйел өзін өртемек болған

Видеодан алынған скрин

Оқиға
228

Бұл туралы құқыққорғаушы Бауыржан Азанов фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлады madeniportal.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қапшағайда (қазіргі Қонаев) Алматы облысы прокуратурасының ғимаратында қамауға алынған қыздың анасы өзін өртеуге әрекет жасады.

Оқиға орнына өрт жасағы, жедел медициналық жәрдем каретасы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Алматы облысы прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен болған бассыздық қамауға алынған қыздың анасының осындай реакциясын тудырды”, - дейді құқыққорғаушы.

Аталған оқиғаға қатысты Прокуратура мәлімдеме жасады.

“Алматы облысы прокуратурасы ғимаратының алдында өзін-өзі өртеу әрекеті фактісі бойынша азаматты облыстық прокуратура қызметкерлері қабылдағанын хабарлаймыз, оған оның талаптары бойынша мәселелер түсіндірілді, бұдан басқа, бүгін түстен кейін оны барлық мән-жайды анықтау үшін облыс прокуроры қабылдайды. Уақтылы жедел әрекеттің арқасында өзін-өзі өртеуге жол берілмеді. Азаматтардан тек сенімді ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз”, - делінген мәлімдемеде.

 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...