Ақтауда ер адам әйелді ұрып, мұрнын сындырған

Сурет: Lada.kz

Оқиға
391

Ақтаудағы жағажайлардың бірінде ер адам әйелді ұрып, мұрнын сындырған, деп хабарлайды madeniportal.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Жеке жағажайлардың бірінде құрбысы, әпкесі және баласымен демалып жатқан тұрғынға белгісіз ер адам шабуыл жасаған.

"Олар бізді видеоға түсіріп, күлді. Әпкем оларға ұрысып, жанжал шықты. Ол кезде мен баламен отырғанмын. Сосын жағдайға араласып, оларды тыныштандыру үшін жандарына келдім. Сосын алдымнан мас ер адам шығып, бетімнен ұрды. Жерге құлап, мұрным сынып, бетім қанға боялды. Ол сонда да тоқтамай ұра берді", - дейді әйел.

Оқиға болған сәтте жәбірленушінің әпкесі жұдырық ала жүгірген ер адамды бейнеге түсіріп алған.

"Ол оның телефонын тартып алып, теңізге лақтырып жіберді. Ал қасында тұрған жігітке көліктен мылтық әкелуді бұйырды. Осыдан кейін полиция шақырдық. Сосын ол кетіп қалды", – дейді жәбірленуші.

Қыз ауыр жарақат алып, ауруханада бір апта бойы жатқанын айтты.

"Денсаулығыма айтарлықтай зақым келді. Мұрын сынған, ұзындығы 4,5 сантиметр кесілген. Меніңше оның қолында өткір зат болған сияқты. Алайда полицейлер оған жеңіл айып тағып отыр. Менің ойымша, тергеу дұрыс жүргізілмеді. Осы уақыт ішінде ол кешірім сұрамады және істеген ісіне өкінбейтін көрінеді", - дейді жәбірленуші.

Қазір қызға қол көтерген күдікті анықталған. Істің қалай өрбіп жатқаны әзірге белгісіз.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...