Ақтаудағы әуе апатынан аман қалған жұбайын көрген ер адам көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)

ашық дереккөзден алынған

Оқиға
3226

Ақтаудағы әуе апатынан кейін ұзақ уақыт бойы жұбайы Муслюмат Сираджовамен байланыса алмай жүрген Нурулла Сираджов, ақыры әйелімен кездесті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Yeni Klinika медициналық мекемесінің баспасөз хатшысы Нурида Аллахъярова бұл қуанышты жаңалықты Facebook әлеуметтік желісінде арқылы бөлісті.

Жарияланған суреттерде Н.Сираджов ауруханаға жеткізілген жұбайын кейін көруге барғаны көрінеді. Палата есігінің алдында тұрып, ол өз жұбайына қарап, көз жасына ерік берген.

Айта кетейік, Сираджовтар отбасы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшатын рейс кезінде ұшақта болған. Әуе кемесі Ақтаудың маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Бұған дейін ауруханадан түсірілген бейнемазмұнда Нурулла Сираджов апат кезінде жұбайы Муслюмат оның қасында отырғанын, бірақ есін жиған соң оны енді көрмегенін және қатты сағынғанын айтқан болатын.

Алғашқыда әйелдің апатта қаза болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда кейін оның аты тірі қалғандар тізімінен табылды. Біраз уақыт бойы ол Қазақстанда емделді, ал 30 желтоқсанда оны Yeni Klinika ауруханасына эвакуациялаған, қазір жұбайымен бірге сол жерде емделуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...