Астанада 34 жастағы құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетті

Сурет: elitar.kz

Оқиға
2386

Оқиға қаладағы құрылыс алаңдарының бірінде болған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Зардап шеккен азаматтың миы шайқалған, өкпесі мен сол жақ бүйрегі қатты соққы алған. Жедел жәрдем көлігімен аурухана жеткізілген бетте оған ота жасалған. Қазір жарақат алған құрылысшы жансақтау бөлімінде жатыр.

– Жетінші қабат деңгейіндегі биіктіктен құлаған 1990 жылғы ер адам жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Ер адамның миы, екі өкпесі және сол жақ бүйрегі жарақаттанған. Оның үстіне қабырғалары сынған. Жағдайы ауыр деп бағаланады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Айжан Ақай.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...