Алматыда әйел 18-қабаттан секіріп, қаза болды. Қалалық полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегін растады,...
Қақпаға құлып салынып, күзетшілер ешкімді кіргізбейді
Фотосурет kaz.nur.kz сайтынан алынды
Шымкенттегі "Ордабасы" индустриалдық аймақта күкірт толы қоймада от тұтанып, жанындағы елді мекенге қауіп төндірген еді. Бүгінде эвакуацияланған адамдар денсаулығы үшін қауіптеніп, үйлеріне қайтуға қорқып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Телеарна хабарлауынша, "Ордабасы" индустриалдық аймағындағы өрт күндіз тұтанып, күкірт қоймасы отқа айналған.
"Бір науқас күйік бөліміне жатқызылды, 25 пайыз күйік алған. Қол-аяғы күйген. Сол жерде жанып жатқан кезде құлап қалған. Консервативті ем алады, оперативті ем алмайды. Сол себепті екі апта медициналық қызмет көрсетеміз. 26-27 шілдеде біздің орталық төтенше жағдай режимінде жұмыс істедік", - деді Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова.
Өндіріс орнындағы төтенше жағдайдан соң индустриалдық аймаққа жақын маңдағы Шаңырақ елді мекенінің 400-ден астам тұрғыны қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
"Қайтадан сынама алып, біздің бала-шағамыздың денсаулығын тексеріп беруді өтініп жатыр. Ол иіс бірден кете қоймайды ғой. Әлі де жаңбыр жауса, қайта шығады дейді. Сондықтан суды, ауаны қайтадан зерттеп берсін дегендей, ауыл тұрғындарының талабы бар", - деді тұрғын Дүрия Сариева.
Ал индустриалдық аймақтағы өрт шыққан аумақ қазір жабық тұр. Қақпаға құлып салынып, күзетшілер ешкімді кіргізбейді. Жалын шарпыған нысанның жанындағы мұнай өнімдері толы кәсіпорын ғана жұмыс істеп тұр.
"Әзірге, біздің есебіміз бойынша, шамамен бес мекеменің жұмысы тоқтап тұр, үлкен мекемелер. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзіміздің мекеме тарапынан зерделеу жүргізіліп жатыр. Газ сақталғаны ештеңе болған емес, оның қасында. Оны білмейміз ғой, төтенше жағдайлар айтады енді. Күкірттің өзінен өзі жануы мүмкін дейді. Әртүрлі болжам айтылып жатыр ғой", - дейді "Ордабасы" индустриалдық аймақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің коммерциялық директоры Мұқағали Шынарбаев.