Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.n...
Астанада компьютерлік клубта өрт шықты
2629
Бүгін елордалық өрт сөндірушілер компьютерлік клубта болған өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды madeniportal.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше өрт Нұра ауданы, 201 көшесі бойындағы компьютерлік клубта болған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін клуб ішіндегі адамдар өздері далаға шығып үлгерген.
«Сағат 04:24-те өрт оқшауланып, 06:15-те сөндірілді. Өрт алаңы 150 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 24 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.