Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды...
Тағы бір такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосы желіде таралды
видеодан алынған скрин
548
Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі жолаушымен жанжалды ұялы телефон камерасына түсіріп алды, деп хабарлады madeniportal.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиға Астана қаласыдағы Жеңіс көшесі, 72-үйде болғаны айтылған.
Кадрларға қарағанда, жанжал жүргізуші жолаушыны сұраған жеріне емес, басқа жерге түсірген соң шыққан.
Астана полиция департаменті жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
"Жүргізуші мен жолаушы полиция бөліміне жеткізілді. Екі тарап бір-бірінің үстінен арыз жазды. Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.