Полиция суицид жасамақ болған бойжеткенді құтқарып қалды

Оқиға
473

Балқашта полиция қызметкерлері 9 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Фотосурет: Polisia.kz

Оқиға 13 наурыз күні сағат 19:30 шамасында орын алған. Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйдің шатырынан бір қыз секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына берілді. Оқиға орнына бірден сол маңға жақын жерде қызмет атқарып жүрген инспекторлар Ұлан Несіпбай мен Танат Берікұлы барды.

 Өзімізге берілген аумақта қызмет атқарып жүргенімізде кезекші бөлімнен оқиға бойынша хабарлама алдық. Тез арада аталған мекен жайға келдік. 9 қабатты үйдің шатырының шетінде отырған қыз баланы көрдік. Дәлізге кіріп, бірден жоғарыға көтерілдік. 9-қабатқа көтерілгенімізде шатырға шығатын есік ашық болды. Әріптесіміз екеуіміз екі жақтан білдіртпей барып, ойға шомылып отырған қызды бірден өзімізге қарай тартып алдық. Кейін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырдық. Әріқарай біз қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға кеттік, – деді Ұлан Неспібай.

Анықталғандай құтқарылған 21 жастағы қыз осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған. Осы ұрыстан кейін жігіт бойжеткенмен байланысқа шықпаған. Осыған қатты күйзелген қыз 9 қабатты үйдің төбесіне шығып, суицидке бармақ болған. Онда оны тәртіп сақшылары құтқарып қалды.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...