Ақтөбеде 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты

Оқиға
2433

Ақтөбеде өрт сөндірушілер 11 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Қаладағы 12 шағын ауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабаттағы пәтерде жиһаз жанды. ТЖД күшімен жоғарғы қабаттардан баспалдақпен 11 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын - ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы екендігі анықталды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 33 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...