Екібастұзда көмір кенішінде 24 жұмысшы мінген автобус аударылды

Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға
1480

Екібастұзда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің 24 қызметкері мінген автобус шұңқырға сырғып кетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұз қаласында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында "ПАЗ" маркалы автобусты басқарған жүргізуші рульді басқара алмай қалып, топырақты шұңқырға сырғып кеткен. "Автобустың ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 24 қызметкері болған. Оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ, зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің өкілі. Еске салсақ, 2024 жылғы қаңтарда Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында автобу шұңқырға құлап кетті. Оның ішнде "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС үш құтқарушысы мен бір жүргізушісі болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...