Қостанайда германиялық отбасының қызы жоғалып кеткен

Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Оқиға
2354

Қызын жоғалтып алған ата-анаға жергілікті әскери бөлімнің сарбаздары көмектескен, деп хабарлады madeniportal.kz.

Оқиға 9 тамыз күні кешке Қостанай қаласында болған. Ұлттық ұланға қарасты 6697 әскери бөлімінің әскери жасағы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығынан Германиядан келген қонақтардың 14 жасар қызы жоғалғаны туралы шұғыл хабарлама алады.

«Араға көп жылдар салып Отанына келген германиялықтар қыздарын таба алмағандықтан, полицияға жүгінген.  Сағат 19:40 шамасында әскери жасақ бастығы кіші сержант Олжас Қабдыбеков,  қатардағы жауынгерлер Вадим Голиян, Владимир Ославский, Нұрмұхамед Шагиров және Станислав Быструевпен  «Қазақстан» кинотеатры ауданында патрульдеу бағытын айналып өту кезінде шұғыл ақпарда айтылған белгіге ұқсас жасөспірім қызды байқайды. Мән-жәйды нақтылап, қызды ата-анасымен, Германия азаматтарымен аман-есен табыстырады» - деп жазылған хабарламада.

Шетелдік қонақтар ұландықтарға Виктория есімді қызын тауып бергені үшін алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...