Павлодар облысында оқушы қыз тапаншамен баланың көзіне оқ атқан

Сурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
292

5 сынып оқушысы мектепке ойыншық тапанша әкеліп, оны құрбыларына көрсеткенде абайсызда оқ атқан, деп хабарлады madeniportal.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқ 6 сынып оқушысының көзіне тиген. Зардап шеккен бала ауруханаға түсіп, қыздың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқиға 1 қазан күні Павлодар облысындағы білім беру мекемелерінің бірінде болған. Облыстық білім басқармасының түсіндіруінше, оқушы қыз сөмкесінен тапанша алып шығып, оны сыныптастарына көрсеткенде, кездейсоқ өтіп бара жатқан басқа оқушыға оқ атқан.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының атап өтуінше, зардап шеккен балаға көз алмасының зақымдануы және конъюнктиваның сыдырылуы диагнозы қойылған.

«Баланың жарақаты емделіп жатыр. 1 қазан күні бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 5 сынып оқушысы ұл баланың көзіне ойыншық мылтықпен абайсызда оқ атқан. 2011 жылы туған бала алдымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін Павлодар облыстық ауруханасына жіберілді. Ол сағат 14:00-де травматология бөліміне келген», - деді дәрігерлер.

Зардап шеккен баланың тұрғылықты жерінің алыс болғаны ескеріле отырып, оны Павлодардағы дәрігерлер бақылауында қалдыру ұйғарылды. Сонымен бірге бұл оқиға полицейлер назарынан тыс қалған жоқ.

«Заңды өкілге қатысты тәрбие мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Мектепте профилактикалық кеңес өтті», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...