Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарған

видеодан алынған скрин

Оқиға
1994

Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...